Абылайхан Хұсайынов: Менде менеджер де, промоутер де жоқ

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Хусайынов (12-0, 9КО) Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Алматыда өтетін жекпе-жек туралы айтып берді.
– Абылайхан, өзбек Зухриддин Хамрокуловқа қарсы жекпе-жекке дайындық қалай жүріп жатыр? Қарсыласыңыз туралы не айта аласыз?
– Дайындық жақсы, бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр. Шынымды айтсам, менде қарсыласым туралы көп мәлімет жоқ. Профи рингте екі жекпе-жекте екі жеңіске жеткенін ғана білемін.
– Өткен жылы ұзақ үзілістен кейін ақыры рингке қайта шықтыңыз. Ұзақ үзілістің себебі неде?
- Сұрақтың жауабы қарапайым. Мен екі жыл бойы бокспен айналыспадым, өйткені жақсы ұсыныстар болмады.
– Қазір қандай да бір промоутерлік компаниямен жұмыс істеп жатырсыз ба? Ал биыл қанша жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырсыз?
– Осы уақытқа дейін ешбір менеджермен немесе промоутермен жұмыс істеген жоқпын. Биыл үш-төрт жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын.
– Жанқош Тұраров пен мексикалық Алехандро Менесес арасындағы жекпе-жек туралы не айтасыз?
- Бізді қызықты жекпе-жек күтіп тұр. Бұл жекпе-жек жерлесіміз Жанқош Тұраровтың жеңісімен аяқталады деп ойлаймын.
Еске салайық, Абылайхан Хұсайынов 21 наурызда Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы Өзбекстан өкілі Зухриддин Хамрокулов (2-0, КО1) болмақ.