Екі өзбекстандық футболшы «Ордабасыға» үш ұпай сыйлады

Екі өзбекстандық футболшы «Ордабасыға» үш ұпай сыйлады

Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турындағы ойында «Ордабасы» өз алаңында «Жетісумен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Алаң иелері қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Алдымен өзбекстандық Бобыр Абдихоликов есеп ашса, сосын Өзбекстанның тағы бір легионері Шохбоз Умаров мергендік танытты.

Осылайша «Ордабасы» Премьер-лига маусымындағы үшінші жеңісіне қол жеткізсе, «Жетісу» үшінші рет жеңіліске ұшырады.

Ордабасы - Жетісу 2:0 (2:0)

Гол соққандар: Абдихоликов 17 (1:0), Умаров 35 (2:0).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0