русский язык
ММА

«Қолдау көрсетуге және Америкаға жіберуге ниеттіміз». Mergen FC президенті Атыраудағы ивенттің басты кейіпкерлері туралы айтып берді

«Қолдау көрсетуге және Америкаға жіберуге ниеттіміз». Mergen FC президенті Атыраудағы ивенттің басты кейіпкерлері туралы айтып берді
news-banner7
mobile-news-top

Бейсенбіде Атырауда «Жайық» мәдени-спорт кешенінде Mergen FC лигасы ұйымдастыратын MFC4 аралас жекпе–жек кеші өтеді.

Қуат Хамитов, Нұрберген Шарипов, Қанат Келдібеков және Ақоп Степанян сияқты атақты файтерлер қатысатын турнирде бірден ұйымның екі чемпионы анықталады. Жеңіл салмақта жергілікті жауынгер Талғат Жұмағалиев (9-4-1) ресейлік Джохар Эскиевпен (9-3) сынға түссе, ал жартылай жеңіл дивизионның чемпионын екі жеңілмеген файтер - Шыңғыс Камал (3-0) және Назарбек Әлімжанов (3-0) анықтайды.

Турнир қарсаңында лига президенті Медет Қожахметов Prosports.kz сұхбатында ивент және оның басты кейіпкерлері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

- Медет, бірнеше күннен кейін Атырауда Mergen FC 4 ауқымды турнирі өтеді. Турнирге дайындық қалай өтіп жатыр?

- Турнирге дайындық жақсы деңгейде өтуде. Бұрынғыға қарағанда жақсы, десе де біз әлі де тәжірибе жинап жатырмыщ. Қаржы бойынша қиындықтар бар, өйткені негізгі бюджетті өз қалтамыздан шығарамыз. Әйтеуір тырысып жатырмыз. Турнирді жоғары деңгейде өткізуге тырысамыз.

- Турнирдің басты оқиғасы - бірден екі чемпиондық жекпе-жегі өтеді. Ұйым тарихында бұл алғашқы титулдық жекпе-жектер ме?

- Иә, біз лига белбеуін бірінші рет ойнаймыз. Бір турнирде бірден екеуі бар. Ол үшін жергілікті жігіттер Талғат Жұмағалиев пен Шыңғыс Камал таласады. Қарсыластар Ресейден, дәлірек айтсақ, Шешенстан мен Дағыстаннан.


- Шыңғысхан Камал - Mergen FC лигасының өнімі. ММА-дағы жас қазақстандық файтердің болашағын қалай бағалайсыз?

- Шыңғыс Камал - Mergen Fight Club залының ашылу себептерінің бірі. Осы себепті біз оған жақсы қолдау көрсетуге және Америкаға жіберуге ниеттіміз. Біз Шыңғысқа үлкен үміт артамыз.

- Жергілікті жұлдыз Талғат Жұмағалиевтің қарсыласы қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс ресейлік Джохар Эскиев. Бұл жекпе-жекте жауынгерлердің мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз?

- Бұл жекпе-жекті ерекше күтемін. Талғат үшін титулдық жекпе-жекте өзін дәлелдейтін уақыт келді деп ойлаймын. Екеуі де NFC-де бұрынғы титулға үміткер спортшылар. Мүмкіндікьері 50-де 50. Екеуіне де өте қиын болады, ал көрермендерге өте қызықты болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;