Mergen FC 4 турнирінің толық файткарды жарияланды

16 наурызда Атырауда Mergen FC лигасы ұйымдастырған кеш өтеді. Онда промоушеннің екі чемпионы анықталады, деп жазады Prosports.kz
57 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Талғат Жұмағалиев (9-4-1) грозныйлық «Ахмат» клубының өкілі ресейлік Джохар Эскиевпен (9-3) вакантты чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
Жартылай жеңіл салмақта жергілікті файтер Шыңғыс Камал (3-0) мен жеңіліп көрмеген қырғызстандық Назарбек Әлімжанов (3-0) чемпиондық атаққа таласады.
Сонымен қатар, жекпе-жек кешінің негізгі кардында қазақстандық ММА ардагері Қуат Хамитов (24-7) өнер көрсетеді. «Найманның» қарсыласы Bellator, ACB, Fights Nights Global сияқты лигаларда бақ сынаған тәжірибелі ресейлік Акоп Степанян (27-13) болмақ.
Сондай-ақ кеште Нұрберген Шәріпов, Қанат Келдібеков, Исатай Теміров, Еділ Есенғұлов және басқа да файтерлер октагонға шығады.
Mergen FC 4 жекпе-жек кешінің толық файткарды
70 кг
1) Арсен Ризуанов (дебют, Қазақстан) – Исок Аликулов (дебют, Өзбекстан)
+93 кг
2) Ерлан Шакисов (1-0, Қазақстан) – Адилет Омурбек уулу (1-1, Қырғызстан)
57 кг
3) Бердібек Сиразов (2-1, Қазақстан) – Нодир Шухратов (1-0, Өзбекстан)
70 кг
4) Аманбек Бекмұратұлы (2-0, Қазақстан) – Аслан Таштиев (1-1, Ресей)
61 кг
5) Олжас Молдағалиев ( 1-0, Қазақстан) – Алмазбек Надиров (6-1, Қырғызстан)
66 кг
6) Әділбек Қайырғали (5-2, Қазақстан) – Могамед Амин Пирбудаков (3-1, Ресей)
57 кг
7) Еламан Саясатов (2-0, Қазақстан) – Абу Максутов (1-1, Ресей)
8) Исатай Теміров (10-4-1, Қазақстан) – Эдил Эсенгулов (20-5-1, Қырғызстан)
9) Нұрберген Шәріпов(10-3, Қазақстан) – Канат Келдибеков (20-7, Қырғызстан)
10) Қуат Хамитов (24-7-2, Қазақстан) – Акоп Степанян (27-13-0, Ресей)
Титулды жекпе-жек – 57 кг
11) Талғат Жұмағалиев (9-4-1, Қазақстан) – Джохар Эскиев (9-3, Ресей)
Титулды жекпе-жек – 66 кг
12) Шыңғыс Камал (3-0, Қазақстан) – Назарбек Алимжанов (3-0, Қырғызстан)
Mergen FC лигасының ресми серіктесі -UNDERDOG Sports спорт агентігі
Алдағы жекпе-жек кешінің билетін ticketon.kz сайтынан алуға болады.