Құрамында қазақстандық футболшы бар ресейлік команда соңғы минуттарда жеңіске жетті

Ресей Премьер-Лигасының (РПЛ) 19-турының матчында петерборлық «Зенит» «Химкиді» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Санкт-Петербургтегі «Газпром Аренада» өтіп, 3:2 есебімен «Зениттің» пайдасына шешілді.
Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп қосалқы құрамда қалды.
«Зенит» 48 ұпаймен РПЛ турнирлік кестесінде сенімді көш бастап тұр, «Химки» (13) 15-ші орында.