Хабибтің інісі Bellator чемпионы атағын қорғады

Сан-Хоседе (Калифорния, АҚШ) Bellator 292 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы Bellator чемпионы Усман Нурмагомедов чемпиондық атағын бірінші рет қорғады.
24 жастағы ресейлік спортшы америкалық Бенсон Хендерсонмен кездесті. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Төреші Херб Дин жекпе-жекті 2:37-де тоқтатып, Усманның қолын көтерді.
Осылайша Нурмагомедов ММА мансабындағы 17-жеңісіне қол жеткізді әрі Bellator лигасындағы алтыншы жеңісін тіркеді.