«Мақтааралдың» қорғаушысы команданың «Қызылжардан» жеңілу себебін түсіндірді

«Мақтааралдың» қазақстандық қорғаушысы Нұрлан Дайыров Қазақстан Премьер-лигасының екінші турындағы Петропавлдың «Қызылжарына» (0:1) қарсы ойыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Ойынға ауа-райы әсер етті ме?
- Бұл ойынға ауа-райының қатысы жоқ. Павлодарда суық болатынын біз білдік. Ауа-райы - бұл, сылтау емес. Екі команда да бірдей жағдайда өнер көрсетті. Олардың да өз алаңы дайын болмағандықтан сыртта ойнады. Сондықтан мұны тең дәрежелі ойын деуге болады.
Ойынға келетін болсақ, біздің бір ғана қателігімізден олар гол соғып кетті. Біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық.
- Неге пастың көбісі әуемен болды?
- Қақпамызға гол жіберіп алғаннан кейін, қарымта шабуылға шығу үшін, алда жүрген бойшаң шабуылшыларымызға пасты әуемен беруге көштік.
- Атырауға қарсы ойынға не айтасыз?
- Алла қаласа жеңісті күндеріміз алда деп ойлаймын. Атыраумен өз алаңымызда кімнің қожайын екенін көрсеткіміз келеді.