Қазақстан чемпионаты: Жартылай финалға шыққан барлық команда анықталды

Қазақстан чемпионаты: Жартылай финалға шыққан барлық команда анықталды

Хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің жартылай финалына шыққан барлық команда анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/2 финалға қарағандылық «Сарыарқа», атыраулық «Бейбарыс», астаналық «Номад» және ташкенттік «Хумо» жолдама алды.

Жеребе бойынша финал жолдамасын «Сарыарқа» мен «Номад», «Бейбарыс» пен «Хумо» сарапқа салады. Командалар екі матч өткізеді, егер жеңімпаз анықталмаса, қосымша кездесулер өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымында «Сарыарқа» жеңімпаз атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или