русский язык

«Қайрат» шабуылшысы Артур Шушеначев команда сапында 100-матчын өткізді

«Қайрат» шабуылшысы Артур Шушеначев команда сапында 100-матчын өткізді

Алматылық «Қайрат» шабуылшысы Артур Шушеначев команда сапында 100-матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сары-қаралар» сапында ойнайтын шабуылшы «Атырауға» қарсы соңғы ойынындағы голы мерейтолық болды.

Бір айта кетерлігі, Артур «Атырауға» қарсы ойында да негізгі құрамда дебют жасады. Дебюті 2017 жылдың тамыз айында болды.

Артур Шушеначевтің «Қайрат» сапындағы матчтарының статистикасы:

Чемпионат: 63 ойын, 25 гол
Кубок: 18 ойын, 8 гол
Суперкубок: 3 ойын, 1 гол
Еурокубоктар: 16 ойын, 4 гол

Фото fckairat.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;