«Реал Мадрид» ойыншысы «Барсалонаға» ауысуы мүмкін

«Реал Мадрид» ойыншысы «Барсалонаға» ауысуы мүмкін

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Марко Асенсио «Барселонаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Diario Sport сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, Асенсио команданың бас бапкері Карло Анчелоттиге ойын уақытын аз бөлетініне байланысты наразылығын білдірген. «Бетиске» қарсы ойында маман оны жарты сағаттан астам уақыт жаттығу жасатып, алаңға шығармаған.

Осы маусымда Асенсио Ла Лигада 18 матч өткізіп, төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

Жартылай қорғаушы «Мальорка» клубының түлегі. 2015 жылдан бері ол мадридтік «Реалда» ойнап, үш рет Испания чемпионы атанған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или