Бокс

WBA Головкин - Лара жекпе-жегін өткізу құқын сатылымға қойды

WBA Головкин - Лара жекпе-жегін өткізу құқын сатылымға қойды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен осы дивизиондағы тұрақты әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара арасында жекпе-жек ұйымдастыру құқығын сатылымға қойды, деп жазады Prosports.kz.

Алдын ала келісім бойынша ұйымның суперчемпионы ретінде Головкин жүлде қорының 75% алады. Ал жекпе-жекті өткізудегі ең төменгі баға 200 мың долларды құрайды. 

Қос боксшыға келіссөз жүргізуге 15 күн уақыт берілген еді. Алайда боксшылардың өкілдері бір келісімге келе алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0