Вороговскийдің командасы Бельгия чемпионатында басты бәсекелесінен жеңіліп қалды

«Моленбек» Бельгия Бірінші лигасы плей-офф кезеңінің екінші турында «Беверен» командасынан жеңілді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Матч 2<span>:1</span><span> </span>есебімен аяқталды.
«РВД Моленбек» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский 79-минутта қосалқы құрамнан алаңға шықты.
Айта кетейік, осы ойыннан кейін «РВД Моленбек» 49 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орында тұр. Ал басты бәсекелесі «Беверен» еншісінде 46 ұпай бар.
«Беверен» — «Моленбек» 2:1
Гол соққандар:<span> Бруни Нсимба</span>, Давид Хрнчар — Юссеф Шаллук.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или