ММА

UFC 285 турниріне қатысқан файтерлер қанша гонорар алғаны анықталды

UFC 285 турниріне қатысқан файтерлер қанша гонорар алғаны анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде өнер көрсеткен файтерлердің гонорары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франциялық Сирил Ганды жеңген ауыр салмақтағы UFC чемпионы Джон Джонс ең көп сыйақы алды. Ол 7 миллион долларға ие болды.

Қырғызстандық файтер Валентина Шевченко титулды жекпе-жекте Алекса Грассоға есе жіберді, ол 542 мың доллар гонорар алды.

Ал қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов кештің үздік жекпе-жегі үшін алған бонусты қоса есептегенде 171.5 мың доллар табыс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер