Аты аңызға айналған файтер ауыр салмақта UFC чемпионы атанды

Американың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 285 турнирінде басты жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің негізгі сайысында аты аңызға айналған Джон Джонс (26-1) үш жылдық үзілістен кейін қайтып оралып, француз Сирил Ганмен (11-1) кездесті
Кештің көп күткен жекпе-жегі бірінші раундта аяқталды. Джонс қарсыласын еш қиындықсыз «тұншықтырып тастады».
Ауыр салмақтағы чемпиондық атақ Джонсқа бұйырды.