OCTAGON 42 турнирінде қырғыз-өзбек текетіресі аяқталды

Өзбекстан астанасында Еуразиялық аралас жекпе-жек промоушенінің OCTAGON 42 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мухамедали Алиев (4-1) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Анвар Абдуллаевтан (5-0) жеңіліс тапты.
Ивенттің басты жекпе-жегінде Достон Бозоров (7-0) пен Жансерік Жақсығұлов (4-2) жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпион титулын сарапқа салады.
Тағы бір жекпе-жекте қырғыз файтері Арген Абдыкадыров (7-0) өзбекстандық Мухаммаджон Курбановпен (9-4) кездеседі. Олар жартылай жеңіл салмақта OCTAGON титулы үшін төбелеседі.
Сондай-ақ турнирде бір-бірімен жанжалдасып жүрген Камариддин «Камиль Карате» Хасанов (4-1) пен Одилхон Камолов (2-1) аралық салмақта күш сынасады.