ММА

Жеңіліп көрмеген қырғыз файтері Triangle әдісімен жеңді. ВИДЕО

Жеңіліп көрмеген қырғыз файтері Triangle әдісімен жеңді. ВИДЕО

Өзбекстан астанасында Еуразиялық аралас жекпе-жек промоушенінің OCTAGON 42 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіліп көрмеген қырғыз файтері Казакбай Тленов (3-0) өзбекстандық Дониер Якубжоновты (3-4) Triangle әдісімен жеңді.

Ивенттің басты жекпе-жегінде Достон Бозоров (7-0) пен Жансерік Жақсығұлов (4-2) жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпион титулын сарапқа салады.

Тағы бір жекпе-жекте қырғыз файтері Арген Абдыкадыров (7-0) өзбекстандық Мухаммаджон Курбановпен (9-4) кездеседі. Олар жартылай жеңіл салмақта OCTAGON титулы үшін төбелеседі.

Сондай-ақ турнирде бір-бірімен жанжалдасып жүрген Камариддин «Камиль Карате» Хасанов (4-1) пен Одилхон Камолов (2-1) аралық салмақта күш сынасады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0