Ауыр атлетика

Олимпиада чемпионы қазақстандық зілтеміршінің допинг қолданғаны үшін жазаланғанына өз көзқарасын білдірді

Олимпиада чемпионы қазақстандық зілтеміршінің допинг қолданғаны үшін жазаланғанына өз көзқарасын білдірді
news-banner7
mobile-news-top

Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Meta-ratings.kz тілшісі Әділ Саптаевқа берген сұхбатында жарыстан шеттетілген ауыратлет Игорь Сонға қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Игорь Сонға қатысты жағдай ма? Мен допингсіз әділ спортты жақтаймын. Басқа айтар сөзім жоқ», — деді Сәрсекбаев.

Еске салайық, 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, ауыратлет Игорь Сон допинг қолданғаны үшін 2030 жылға дейін жарыстан шеттетілген болатын. Наурызда оның допинг сынамасынан метастерон табылған. 24 жастағы Сонның спорттан шеттетілуі 32 жасқа толғанда аяқталады.

Метастерон қазақстандық спортшылар арасында ең танымал анаболиктердің бірі саналады.

Фото: REUTERS / EDGARD GARRIDO

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер