UFC-дегі қазақ кейде бапкерін неге тыңдамайтынын айтты

UFC-дің үздік қазақстандық өкілі Шавкат Рахмонов (16-0) Prosports.kz сайтына берген сұхбатында қазір бапкерден кеңес сұрамай, тордағы шеберлігіне арқа сүйейтіні туралы айтып берді.
- Мен бапкерден кеңес сұрамаймын деп айта алмаймын. Мысалы, біз қазір Хенри Хуфтпен жұмыс істеп жатырмыз және ол маған кей жерде қалай төбелесу керегін айтады. Әрине, мен оның жоспарын ұстануға тырысамын, бірақ бәрі қарсыластың қалай әрекет ететініне байланысты болады», - деп мойындады Рахмонов.
Айта кетейік, «Номад» жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде 10-нан 9-орынға көтеріліп, әлемдегі ең үздік лигадағы қазақстандық файтерлер үшін тарихи рекорд жасаған еді.
Қазақстан уақытымен 5 наурызда таңда «Номад» UFC рейтингінің жартылай орта салмақтағы 7-нөмірі америкалық Джефф Нилмен кездеседі.