Қазақстандық UFC файтері Джон Джонспен кездесті

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Асу Алмабаев Instagram Stories парақшасында UFC ардагері, танымал америкалық Джон Джонспен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшылар 5 наурыз күні таңертең Лас-Вегаста өтетін UFC 285 турнирінде сахна артында кездескен. Джонс іс-шараның басты кездесуінде өнер көрсетеді және француз Сирил Ганмен ауыр салмақтағы UFC титулы үшін жұдырықтасады.
Сондай-ақ шоудың негізгі кардында тағы бір қазақстандық Алмабаевтың әріптесі Шавкат Рахмонов лигадағы бесінші жекпе-жегін өткізеді - оның қарсыласы америкалық Джефф Нил болады.
Асу Алмабаевқа келетін болсақ, ол жақын арада UFC файтерлерінің тізіміне қосылады деп күтілуде.