Пеле ФИФА-ның арнаулы кубогымен марапатталды
![Пеле ФИФА-ның арнаулы кубогымен марапатталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202302/472_27792c8827e42d2142ab4693ea13c16.jpg?v=28650864)
Халықаралық футбол федерациясының арнаулы кубогын аты аңызға айналған футболшының жұбайы Марсия Аокиге Роналдо табыстады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Парижде өткен The Best FIFA Football Awards™ 2022 салтанатты шарасын ашып берген ФИФА президенті Джанни Инфантино өз сөзінде Пелені еске алды.
«Король – О Рей – Пеле. Пеле туралы не айта аламыз? Пеле – футбол. Ол енді ортамызда жоқ. Қатты сағынамыз. Алайда, Пеле мәңгілік бізбен бірге болады. Бүгінгі салтанатты шараға бізбен бірге қатысқаны үшін Пеленің отбасына алғыс айтамын. Көп рахмет!» - деді ол.
ФИФА-ның арнаулы марапатын Пеленің жұбайы Марсия Аокиге Бразилияның супержұлдызы, халықаралық федерация мақтанышы Роналду табыстады.
Марсия Аоки футболдың әлемдегі барша фанатына, ойыншылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.