Қазақстандық шабуылшы «Қайсармен» келісімшартын ұзартты

Қызылордалық «Қайсар» 29 жастағы қазақстандық шабуылшы Елжас Алтынбековпен келісімшарт ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елжас «Қайсар» түлегі. Ол орталық шабуылшы позициясында өнер көрсетеді.
Алтынбеков карьерасын «Қайсардың» жастар құрамасында бастап, 2013 жылы бірінші лигада өнер көрсеткен. 2014 жылы Премьер-лигада дебютін өткізіп, 6 матчта 1 гол соққан. 2016 жылы бірінші лигада 24 матчқа қатысып, 6 гол соқты. 2018 жылы «Жетісумен» келісімшарт жасасқан. Сол жылы ол жоғары дивизионда 18 кездесу өткізіп, 2 гол соқты.
Айта кетейік, Елжас жаңа маусымда Мақсат Байжановтың таңбасы яғни 7 нөмірмен өнер көрсетеді.