Мардан Төлебек «Оқжетпеске» ауысты

Мардан Төлебек «Оқжетпеске» ауысты

Қазақстандық жартылай қорғаушы Мардан Төлебек «Оқжетпес» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы көкшетаулық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мардан Төлебек – Шымкент футбол мектебінің түлег. Мансабын «Ордабасы» командасында бастаған, сонымен қатар «Тұран» футбол клубында ойнады.

«Ордабасы» сапында Қазақстан кубогының, Суперкубогының иегері атанып, ел чемпионатында екі мәрте қола медаль алды. Қазақстан Премьер-лигасында 165 матчқа қатысып, 15 гол соқты және 25 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или