Футзал

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

Футзалдан Қазақстан құраманың бас бапкері Рикардо Кака оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің негізгі кезеңінде Словениямен кездеседі. Ойын 8 наурыз күні Марибор қаласында өтеді, матч Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады. Қазір Рикардо Кака шәкірттері 9 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр.

Соңғы тізімге 17 ойыншы енеді. «Атырау» ойыншысы Жақсылық Амандосов пен «Ақтөбе» ойыншысы Дамир Қайырбай Қазақстан құрамасына алғаш рет шақырылды. 

Футзалдан Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Нұрәлем Байдулла («Рахмет»), Рауан Атантаев («Астана»), Нарын Серіков («Қайрат»)
Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Акбаликов, Эдсон, Біржан Оразов (бәрі – «Қайрат»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Лео («Жоинвиль», Бразилия), Азат Валиуллин («Аят»), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма (екеуі де – «Каспий»), Жақсылық Амандосов («Атырау»), Дамир Қайырбай («Актобе»).

Айта кетейік, команда капитаны Лео Игита жарақатынан әлі толық айыққан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0