Асылқұлов «кіші әлем чемпионатында» күміс медаль алды

Асылқұлов «кіші әлем чемпионатында» күміс медаль алды

Болгария астанасы София қаласында бокстан кіші әлем чемпионаты атанып кеткен «Странджа» турнирі өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

26 ақпанда финалдық жекпе-жектер өтті.

Финалға жолдама алған жалғыз қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов алтын медаль ала алмады.

57 келі салмақта сынға Түскен Оразбек финалда Болгария атынан өнер көрсететін, шыққан тегі кубалық Хавьер Ибаньеспен кездескен. Бұл жекпе-жек төрешілердің екіге бөлінген шешімімен Ибаньес жеңіске жетті. 

Осылайша Оразбек Асылқұлов турнирді күміс медальмен аяқтады. Бұған дейін ол ирландиялық Джуд Галлахер, бразилиялық Луис Оливейра, өзбекстандық Абдумалик Халоков және армениялық Артур Базеянды жеңген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или