«Кіші әлем чемпионаты»: Жартылай финал жекпе-жектерінің тікелей трансляциясы

Болгария астанасы Софияда бокстан кіші әлем чемпионаты аталып кеткен 74-кезекті «Странджа» турнирі өтіп жатыр, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
25 ақпанда жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді.
Қазақстанның екі өкілі финалға шығуға тырысады. 57 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов 2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері армениялық Артур Базеянмен кездеседі. Ал 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Райыс 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Еуропа вице-чемпионы болгариялық Киван Рамимен жұдырықтасады.
Ерлер арасындағы жартылай финалдық кездесулер Астана уақытымен 22:00-де басталатын кешкі сессия аясында өтеді. Софиядан тікелей трансляция Болгария бокс федерациясының Youtube-арналарында көрсетіледі – СІЛТЕМЕ 1, СІЛТЕМЕ 2
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или