Бекзат Нұрдәулетов «Странджа» халықаралық турнирінің 1/4 финалына шықты

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов бокстан кіші әлем чемпионаты деп аталатын «Странджа» халықаралық турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандықтың 1/8 финалдағы қарсыласы сербиялық Артем Агеев болды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі кездесуде Бекзад төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Оразбек Асылқұлов 1/4 финалға жолдама алған болатын.
Фото: Donat Sorokin\TASS via Getty Images