Қоңқабаев – Джалолов! Бокстан кіші әлем чемпионатының трансляциясы

Болгария астанасы Софияда бокстан кіші әлем чемпионаты деп атанып кеткен 74-кезекті «Странджа» турнирі өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.
23 ақпанда рингке Қазақстанның сегіз өкілі шығады – төртеуі күндізгі (Астана уақытымен 17:00-де басталады) және кешкі сессияда (22:00-де басталуы) өнер көрсетеді.
2020 жылы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен Токио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов кездеседі.
Қазақстандық боксшылардың қатысатын жекпе-жектер:
Күндізгі сессия:
51 келіге дейін. Кенже Мұратұлы – Бишвамитра Чонгтам (Үндістан) – 1/8 финал
57 келіге дейін. Оразбек Асылқұлов – Луис Оливейра (Бразилия) – 1/8 финал
80 келіге дейін. Бекзад Нұрдәулетов – Артем Агеев (Сербия) – 1/8 финал
92 келіге дейін. Абзал Құттыбеков - Артем Джорданян (Грузия) - 1/8 финал
Кешкі сессия:
48 келіге дейін. Ернұр Қайрат - Лука Кублашвили (Грузия) - 1/4 финал
67 келіге дейін. Темірхан Тезек - Бехзод Хамидов (Өзбекстан) - 1/4 финал
86 келіге дейін. Бекзат Таңатар - Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан) - 1/4 финал
92 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Баходир Жалолов (Өзбекстан) - 1/4 финал.
Софиядан тікелей трансляция Болгария бокс федерациясының Youtube-арналарында көрсетіледі – СІЛТЕМЕ 1, СІЛТЕМЕ 2