Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 4-тур жетінші ойын күніндегі матчтардың тікелей трансляциясы

21 ақпанда Атырауда волейболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 4-тур жетінші ойын күнінің матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан волейбол федерациясы осы матчтардың тікелей трансляциясын өткізеді (басталуы Астана уақытымен көрсетілген).
11:00. «Ұшкын» (Көкшетау) – «Алтай» (Өскемен)
13:30. «Тараз» – «Павлодар»
16:00. «Есіл-СК» (Петропавл) – «Буревестник» (Алматы)
18:30. «Жайық» (Орал) – «Атырау»
Фото volley.kz