Армения құрамасының футболшысы ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін

Армения құрамасының футболшысы ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін

Армениялық жартылай қорғаушы Петрос Аветисян карьерасын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

27 жастағы ойыншы қазір ресейлік «Нефтехимик» клубының жаттығуына келді, бірақ әлі келісімшарт жасаспады.

Жақын арада ойыншы онымен келісімшартқа отырғысы келетін «Мақтаарал» сапына ауысуы мүмкін.

Еске салайық, Аветисян өткен маусымда қарағандылық «Шахтер» және оралдық «Ақжайық» командаларында өнер көрсеткен.

«Шахтер» сапында ол ҚПЛ-да 9 ойын өткізіп, бір гол соққан.

Ал «Ақжайық» сапында 11 кездесу өткізіп, үш гол соқты. 2020 жылы Аветисян қостанайлық «Тобылда» ойнаған.

Тәжірибелі жартылай қорғаушы Армения құрамасы сапында жеті ойынға қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0