Үйінді астында көз жұмған «Челсидің» экс-ойыншысы жер сілкінісінен бірнеше сағат бұрын Түркиядан кетуі керек болған

Ганалық футболшы, "Хатайспора" командасының ойыншысы Кристиан Атсу жер сілкінісінің алдында Түркиядан кетуі керек болған екен. Алайда соңғы сәтте ойынан айнып қалған.
Кристиан Атсу 5 ақпанда кешке, жер сілкінісінен бірнеше сағат бұрын отанына кетуі керек болған. Бірақ соңғы сәтте жоспарынан айнып қалыпты.
"Газиантепке" қарсы ойнаған жоқ, бірақ 5 ақпанда "Касымпашиге" қарсы ойнап, айып алаңынан жеңіс голын соқты. Негізі ол отбасымен жолыққысы келген. Тіпті билет те сатып алған. Дегмен гол салған соң сапарға шықпайтынын айтқан. Апат оның өміріндегі ең бақытты күні болды. Кешкі 23:00-де ұшып кетуі керек еді, ал жер сілкінісі келесі күні таңғы 04:00-де басталды", – деді "Хатайспора" командасының менеджерлерінің бірі.