Теннис

Елена Рыбакина жұптық сында Дубай турнирін сәтті бастады

Елена Рыбакина жұптық сында Дубай турнирін сәтті бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Дубай WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге алғашқы айналымда осы жарыстың 8-ракеткалары болып тіркелген бельгиялық Кирстен Флипкенс - германиялық Лаура Зигемундпен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық жас теннисші Таира Әбділдаева Пәкстанда жасөспірімдер арасында ITF J30 турнирінде чемпион атанды.

Әбділдаева жұптық сында ресейлік Влада Гурлеевамен бірге финалда тағы бір қазақстандық Анастасия Ким – қытайлық Си Джиншуді 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Таира – Алматы теннис мектебінің түлегі, 16 жаста.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев Монтеррей (Мексика) челленджер жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады. Ол америкалық Эван Кингтен басым түсті – 7:5, 6:3. Енді іріктеу сайыстарының финалында италиялық Стефано Наполитаноны жеңсе, негізгі додаға жолдама алады.

Андрей Голубев пен Александр Недовесов Рио-де-Жанейро (Бразилия) ATP 500 турнирінің іріктеу сатысында корт иелері Жуан Фонсека – Матеуш Алвешке жол берді – 6:7 (3:7), 2:6.

Тимофей Скатовтың да Бразилиядағы осы жарыста жолы болмады. Ол тағы бір бразилиялық Эдуардо Рибейродан жеңілді – 6:2, 2:6, 4:6.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0