Кичигин OCTAGON 41 турнирінде бұрынғы Bellator файтерін жеңді

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 41 турнирінің негізгі жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz
Жартылай орта салмақтағы қазақстандық атақты файтер Георгий Кичигин (26-10) бразилиялық Тьяго Оливейрамен (17-8) кездесті.
Алғашқы бес минутта екі файтер алма кезек шабуыл жасап, ешқайсысы айқын басымдылыққа ие бола алмады.
Екінші раундта «Рыцарь» шабуылды үдетіп, Оливейраны қылқындыру әдісімен жеңді.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Дамир Төленов (8-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қоғайды, қарсыласы - тәжікстандық Шерзод Ибодилоев (5-0).