Алишер Ғазиз O41 турнирінде ирандық файтерді жеңді

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 41 турнирінде қазақстандық файтер Алишер Ғазиз (2:0) өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақта бақ сынайтын жерлесіміз ирандық Микаел Мехрджомен (1-1) кездесті.
Алғашқы минуттан бастап жекпе-жек тізгінін өз қолына алған Ғазиз бірінші раундтың ортасында жеңіске жетті.
Кештің басты жекпе-жегінде Дамир Төленов (8-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қоғайды, қарсыласы - тәжікстандық Шерзод Ибодилоев (5-0).