Жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Сламбеков Екінші лига клубына ауысты

Қазақстандық жартылай қорғаушы Демият Сламбеков «Ұлытауға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
26 жастағы ойыншы атақты бұрынғы футболшы Қайрат Сламбековтың ұлы. Ол Бразилияның «Оле Бразил» академиясының түлегі атанды. Еңбек жолын астаналық «Бәйтеректе» бастап, кейін «Оқжетпес», «Жетісу», «Ақтөбе», «Ақсу» және «Қайсар» командаларында өнер көрсетті.
2019 жылы Литваның «Штумбрас-В» және «Гегельман Литауэн» клубтарында ойнады.
Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларына қатысты. Екі рет Бірінші лиганың жеңімпазы және күміс жүлдегері атанды.