Бокс

Жанқош Тұраров пен Бекман Сойлыбаев Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді

Жанқош Тұраров пен Бекман Сойлыбаев Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

21 наурызда Алматыда екі титулды жекпе-жек өтетін кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров (26-0, 19КО) мексикалық боксшы Алехандро Менесеске (16-5, 9КО) қарсы жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық титулын сарапқа салады.

Тағы бір басты жекпе-жекте Бекман Сойлыбаев (15-1, 6КО) филиппиндік Дженел Лаусамен (11-0-1, 7КО) кездеседі. Боксшылар екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Сондай-ақ андеркартта жеңіліп көрмеген қазақстандық Абылайхан Хұсайынов (12-0, 9КО) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0