Қазақстан (U-17) – Ресей (U-17) матчының тікелей трансляциясы

11 ақпанда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (17 жасқа дейінгі) Минск қаласында Даму кубогы халықаралық турнирінің финалында Ресейден келген құрдастарымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қос команда да өз тобында бірінші орын алды. Қазақстан құрамасы үш ойында да жеңіске жетті.
Қазақстан (U-17) – Ресей (U-17) матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 20:00-де басталады.