OCTAGON 40: UFC назарында жүрген қырғыз файтері 38 секундта жеңіске жтті

Бішкектегі OCTAGON 40 турнирі аясында кештің он екінші жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай жеңіл салмақта қырғызстандық Марсель Нурланбек уулу (9-0) әзербайжандық Амиль Мустафаевпен (2-1) кездесті.
Қырғызстандық файтер бар болғаны 38 секундта жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін қырғыз файтерінің жекпе-жектерін UFC матчмейкерлері қадағалайтыны туралы ақпарат тараған.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Максат «Барс» Жолдош уулу (8-2) Бразилиядан келген тәжірибелі файтер Жозе Тавареспен (15-10) кездеседі.