Бокс

Жүкембаев: Головкин АҚШ-тағы Кроуфордпен спаррингім туралы сұрады

Жүкембаев: Головкин АҚШ-тағы Кроуфордпен спаррингім туралы сұрады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында өз еліндегі дебюттік жекпе-жегін еске алып, 2023 жылға арналған жоспарын айтты.

– Батыр, былтыр жыл аяғында рингке қайта оралдыңыз. Ксолани Мкотелимен жекпе-жек қалай өтті?

– Рақмет. Рингке қашан да керемет жекпе-жек өткізу үшін шығамын және оны жанкүйерлер біледі. Мкотели мықты, ақылды және қауіпті қарсылас екенін көрсетті. Жекпе-жек жоспары асықпай, әр раунд өткен сайын шабуылды күшейтіп, қарсылас қорғанысынан кемшілік табу болатын.

Жекпе-жек ортасында қарқынымды арттыра бастадым. Нокаутқа түсіруді көздеген жоқпын, бірақ сәті келгенін көрдім және сол сәтті пайдаландым. Ұзақ үзілістен кейін жақсы жекпе-жек болды деп есептеймін.

– Сол бокс кешіне Геннадий Головкиннің ағасы Максим барды. Жекпе-жектен кейін ол сізді құттықтады ма?

– Иә, құттықтады. Сол күні мені қолдауға келгендердің барлығына алғыс айтқым келеді. Максим Головкин осы жекпе-жек үшін ұшып келді, оған бөлек рақмет айтамын. Ол менің өнерім мен қарсылас деңгейін жоғары бағалады. Біз АҚШ-тағы Теренс Кроуфордпен спаррингім туралы да сөйлестік.

Максим менің арсеналыма назар аударып, жоғары баға берді. Одан мұндай баға естігеніме қуаныштымын.

– Бұл сіздің Қазақстандағы алғашқы жекпе-жегіңіз болды. Өз елімізде жұдырықтасу қандай болды?

– Қатты толқыжым. Тіпті Канадада кештің басты жекпе-жегінде немесе Showtime арнасындағы жекпе-жекке шыққанда мұндай толқымаған едім. Қазақстанда жекпе-жек өткізу – үлкен жауапкершілік және менің мансабымдағы маңызды сәт. Жарқын өнер көрсете алғаныма қуаныштымын.

– 2023 жылға қандай жоспарыңыз бар? Сабриэль Матиаспен реванш өткізу жоспарда бар ма?

– Биылға үлкен жоспарлар бар. Біріншіден, қазір түрлі ұсынысты қарастырып, 2023 жылға арналған стратегияны құрып жатырмыз. Кем дегенде үш жекпе-жек өткізгім келеді. Кейінгі жеңісімнен кейін чемпиондық таласқа қайта оралдым деп ойлаймын.

Матиас менің салмағымдағы ең үздік боксшылардың бірі. Болашақта онымен реванш өткізгім келеді. Мұндай жекпе-жектерден ешқашан қашқан емеспін, бұл жолы басқа деңгейде, басқа дайындықпен жекпе-жек өткіземін. Қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз, көктемге жақын нақты жаңалық болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер