Бұл да тарих. Елена Рыбакина Australian Open жеңімпазы бола алмады
![Бұл да тарих. Елена Рыбакина Australian Open жеңімпазы бола алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202301/472_21e0582308d8894e91ab3431fa801c37.jpg?v=28700648)
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аустралия ашық чемпионатының шешуші матчында Рыбакина беларусьтік Алина Сабаленкомен кездесті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен кейінгі есе сетте қарсыласына жол берді - 3:6, 4:6.
Осылайша, 23 жастағы Елена Рыбакина екінші рет Үлкен Дулыға жеңімпазы атана алмады. Былтыр ол Уимблдон додасында топ жарған еді.