«Астана» африкалық шабуылшымен келісім шартқа отырғанын ресми жариялады

Гамбиялық ойыншы Дембо Дарбо астаналық клубқа «Аль-Наср» (БАӘ) командасынан жалға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дембо орталық шабуылшы рөлін атқарады. Дарбо белорусиялық «Шахтер» сапында 53 ойын өткізіп, 26 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, ол солтүстік македониялық Шкупи сапында ойнап, 42 ойында 19 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.
Гамбия құрамасы сапында 5 ойынға қатысты.
Жалдау мерзімі 2023 жылдың соңына дейін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или