Астанада «Eurasia Jastar Cup-2023» халықаралық турнирі өтеді

Астанадағы «Барыс Аренада» «Parimatch Eurasia Jastar Cup-2023» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kazakhstanhockey сайтына сілтеме жасап.
Жарыстарға Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы U-18, сондай-ақ Беларусь U-18, Ресей U-16 командалары мен Ресейдің қыздар құрамасы қатысады.
Матчтар айналымдық жүйе бойынша өтеді. Сондай-ақ Кубок аясында 3х3 турнирі өтеді.