Теннис

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерді жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракеткасы Тимофей Скатов Консепсьон қаласындағы (Чили) челленджер жарысының екінші айналымына шықты.

Петропавл қаласының түлегі дүниежүзілік рейтингте 166-орында тұрған тайбэйлік Вун-Лин Вуді тартысты матчта 7:5, 7:6 (8:6) есебімен ұтты.

Т.Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 260-ракеткасы, колумбиялық Николас Мехиямен таласады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 196-ракеткасы Михаил Кукушкин алғашқы айналымда рейтингте 131-сатыдағы боливиялық Уго Дельенмен шеберлік байқасады.

Үндістанның Пуне қаласында әйелдер арасында жүлде қоры 40 мың АҚШ долларына бағаланған ITF World Tennis Tour додасы өтуде.

Мұнда Жібек Құламбаева (483 WTA) бірінші кездесуінде рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрған ресейлік Екатерина Рейнгольдті (294 WTA) тізе бүктірді – 0:6, 6:2, 7:6 (7:4). Ал Гөзал Айнитдинова (585 WTA) жапониялық Фуна Козакидің (861 WTA) мысын басты – 5:7, 6:3, 6:2.

Бұл турнирде қазақстандық спортшылар жұптық сында да өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0