Жәнібек Әлімханұлы: Менің титулыма келесі үміткер Юбэнк болады деп үміттендім

Жәнібек Әлімханұлы: Менің титулыма келесі үміткер Юбэнк болады деп үміттендім

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы орта дивизионның үздіктеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мен Юбэнк қарсыласын жеңіп, менің титулыма үміткер болады деп ойладым. Өйткені, бұған дейін ол рейтингте екінші орында болған. Келесі қарсыласым атақты боксшы болады деп үміттенемін.

Мен тек бір нәрсені түсінбеймін. Орта салмақта көптеген танымал есімдер бар. Адамдардың мақсаттары әртүрлі екенін түсінемін. Бірақ атақты болсаң және титул үшін күрескің келмесе, онда бокстың не керегі бар?

Менің мақсатымды бәріңіз білесіздер. Мен әлемдегі ең танымал боксшы болғым келеді. Бірақ атақты қарсыласты жеңбесең, танымал бола алмайсың. Сондықтан мен үлкен тұлғалармен жұдырықтасқым келеді. Мен үшін жай ғана чемпион болу жеткіліксіз», - деп жазды Әлімханұлы Twitter парақшасында.

Еске салайық, жақында Крис Юбэнк-кіші Лиам Смиттен жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или