Азат Мақсұм жеңілмеген бразилиялықтан басым түсті

Алматыда өткен OCTAGON39 турнирінің басты жекпе-жегінде Азат Мақсұм жеңіске жетті.
Ол бразилиялық Фабрисио Нуньеспен (8-0) кездесіп, бірінші раундтың соңында «дарс» әдісін қолданды.
Осылайша, Азат Мақсұм мансабында әлі жеңіліс таппай келеді.