Қазақстандық файтер ресейлік қарсыласын 20 секунд ішінде нокаутқа жіберді. Видео

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 39 турнирінде кештің төртінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аралық жекпе-жекте ресейлік Константин Чередниченко (15-19) мен қазақстандық файтер Бауыржан Қалмырзаев (3-0) күш сынасты.
Қазақстандық файтер жекпе-жек бастала сала бірден шабуылға көшіп, арты-артынан соққы жасады. Осылайша, Қалмырзаев қарсыласын 20 секунд ішінде техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақта әлі жеңілмеген екі файтер – қазақстандық Азат «Қазақ» Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрисио Нуньес күш сынасады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или