Теннис

Australian Open-2023: Қазақстандық теннисшілер жұптық сындағы бәсекелерді сәтті бастады

Australian Open-2023: Қазақстандық теннисшілер жұптық сындағы бәсекелерді сәтті бастады

Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Анна Данилина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады.

Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге алғашқы айналымда жарыстың 5-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Турнирдің 8-ракеткалары Данилина мен үндістандық Саня Мирза бастапқы кездесуін мажарстандық Далма Галфи – америкалық Бернарда Перамен өткізді.

Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова екінші айналымда тайбэйлік Латиша Чань – чилилік Алекса Гуарачимен, ал А.Данилина мен С.Мирза украиналық Ангелина Калинина – бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0