«Трактор» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы

19 қаңтарда «Барыc» ҚХЛ аясында сырт алаңда челябинскілік «Трактормен» кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
«Барыс» 53 кездесуде 48 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 10-орында тұр. 11-орындағы «Амур» 50 ойында осынша ұпай жинаған.
«Трактор» 52 матчта 51 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде сегізінші орынға жайғасқан.
«Трактор» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:50-де басталады. Ойынды Qazsport және ҚХЛ телеарналары көрсетеді.