Australian Open-де сенсация. Рафаэль Надаль екінші айналымда жеңіліп қалды

Australian Open-де сенсация. Рафаэль Надаль екінші айналымда жеңіліп қалды

Әлемнің екінші ракеткасы Рафаэль Надаль Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмай қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Былтыр дәл осы турнирде топ жарған испаниялық теннисші АТР рейтингінде 65-орында тұрған америкалық Маккензи Макдональдтан жеңіліп қалды – 4:6, 4:6, 5:7. 

Екінші сет кезінде Надаль белін жарақаттап, кортқа дәрігерлер шықты. Ойынды жалғастыра алғанымен, жеңіске жете алмады.

Енді үшінші айналымда Макдональд чех Далибор Сврчина мен жапониялық Есихито Нисиока матчының жеңімпазымен кездеседі.

Фото rafaelnadalfans.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или