ММА

Артем Резников — Эдуард Вартанян: ACA Гран-при финалы өтетін күн белгілі болды

Артем Резников — Эдуард Вартанян: ACA Гран-при финалы өтетін күн белгілі болды

АСА вице-президенті Асланбек Бадаев Эдуард Вартанян (24-4) мен Артем Резников (23-6) арасындағы жекпе-жек мамыр-маусым айларында өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мамыр-маусым айларының бірі. Менің ойымша, бұл жекпе-жекке қызығушылық арттыру үшін жеткілікті уақыт», - деді Бадаев Вестник ММА-ға берген сұхбатында.

Вартанян соңғы жекпе-жегінде Юсуф Раисовты (19-3) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

Резников екінші раундта Андрей Кошкинді (22-9) ұтты. Жекпе-жек 2022 жылы 23 желтоқсанда Мәскеудегі ACA 150 стадионында өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0