Жұқаев Таиландтағы турнирдің алғашқы айналымынан аса алмады

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Нонтхабуриде (Таиланд) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз алғашқы айналымда аустралиялық спортшы Джеймс Даквортқа есе жіберді.
1 сағат 19 минутқа созылған кездесу 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.